2024 жылғы 29 қазанда ШҚО Білім басқармасы және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Республика күніне арналған облыстық колледж студенттері арасындағы «Менің елім – Қазақстан!» атты пікір - сайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы дебат қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсе сарапшысы - Нүркен Дәулет Қайратұлы қатысып, Шығыс Қазақстан колледждерінің студенттеріне еліміздегі пікір-сайыс қозғалысын дамытуға үлес қосқандары үшін алғысын білдірді.
Облыстық дебат турнирі қазақ тілінде өтті, пікір-сайысқа 10 колледжден 54 студент қатысты.
Пікір - сайыс қортындысы бойынша I орынды Өскемен жоғары медициналық колледжінің "Аргумент" дебат клубының ойыншысы Төлегенова Ерке иеленді.
Шын жүректен құттықтаймыз!