2018 жылдың 27 қарашасында  «Өскемен медициналық колледжі» ШЖҚ КМК    ЖИТС-пен күресу   Дүниежүзілік күніне арналған  акция шеңберінде «Answer»ҚҚ,  Қазақстанның Қызыл жарты айы ұйымы, «ШҚО  ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК   қатысуымен іс- шара өткізілді. Іс- шараны №1 жалпы кәсіби пәндер  циклдық- әдістемелік комиссиясы  ЦӘК  онкүндігі барысында ұйымдастырды.        

Шараға СД303,фарм112,Лабд№210,СД 302, ЛД 206 топтарының  130  студенттері белсенді  қатысты.  Шара барысында  «Мен ЖИТС туралы не білемін» деген сауалнама жүргізілді,студенттер жұмыстарын қорғаумен тренингтерге қатысты, осы аурудың алдын алу туралы видеобейнелер көрсетілді. «Өз статусыңды біл» деген қозғалыс шеңберінде АИТВ вирусына тістің қызыл иегі маңындағы сұйық бойынша анонимді экспресс- диагностика ұйымдастырылды.