2019 жылы 18 қазанда Өскемен жоғары медициналық колледжінде Рухани келісім күніне арналған "Рухани келісім - халық бірлігіне жол" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.  Іс-шара барысында тарих пәнінің оқытушысы А. А. Абенова Фарм 117 топ студенттерімен кездесті. 2018 жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі, Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі, біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімді іске асыру мысал ретінде және Қазақстанның рухани келісімін нығайтудағы дәстүрлі діндердің рөлі жылдан жылға артып қана қоймай, елдің адамгершілік-рухани келбетін қалыптастырудың ажырамас бөлігіне айналатынын атап өтті. Халықтар достығы, мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға деген салауатты қызығушылық ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі басты буын болып табылады.