28 наурызда Өскемен медициналық колледжі базасында Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауын және Елбасының 2018 жылдың 5 наурызындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін студенттермен талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесуде»НұрОтан» партиясының ШҚОФ «Жас Отан» ЖК кеңесшісі Ш.Мусабаева және Өскемен қаласы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Елюбаев қатысты. Жастарға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен инициативалары түсінік берілді. Оқу орнының студенттерімен жанды сұхбат жүргізілде.