«Рухани жаңғыру» атты қоғамдық сананы модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде  мамандарды популяризациялау және ШҚО Білім басқармасы ұйымдастырған кәсіби бағдарлау жұмысы мақсатында «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК 2017 жылдың 16-18 қазанында  «MY PRO» мамандықтар фестивалі» шарасына қатысты. Колледж алаңы «PRO-денсаулық» бағытында жұмыс атқарды.

Фестивальда 7-11 сынып оқушылары медициналық мамандықтар жөнінде ақпарат алумен қатар колледждің арнайы пәндер оқытушыларының (Дырданова Ф.А. – «№2 Арнайы пәндер» ЦӘК торағасы, Сулейменова Ж.Т., Дмитриева М.А., Кумаров К.М., Дутбаева М.Ж., Дәлелханов С.К.) жетекшілігімен және кеңесімен  қан қысымын өлшеп, тамыр соғысын, минутына тыныс алу жиілігін есептеп, салмақ пен бойды өлшеп, заманауи медициналық муляждарда инъекцияларды орындап медицина қызметкерінің ролін атқарып көрді.

Колледж оқытушылары алдына қойған міндеттеріне жетіп, оқушылардың медицина деген қызығушылықтарын арта білді. Ол туралы көптеген оңтайлы пікірлерінің талдамасынан білінді. Сонымен қатар оқушылар орасан зор эмоционалды қуат және келешек мамандықты таңдау туралы ойлауына қосымша дәлел алды.