Ағымдағы жылдың 21-і ақпанында Өскемен қаласының меценаты, кәсіпкері Коротин Сергей Виктровичпен "Өскемен жоғары медициналық колледжінің" студенттері «Жасты колдау - Жанашылдык ЖОЛЫ» атты тақырып аясында кездесу өтті. Кездесу мақсаты Өскемен қаласының мәслихатының депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы бағдарламаларын түсіндіру.Кездесу жастармен еркін форматта өтті. Менің ойымша, жастар елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, өз ұстанымдарын қорғап, идеялар ұсынып, оларды жүзеге асыруға көмектесуі керек. Өйткені, мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев айтқандай: «Еліміздің болашағы – жастардың қолында» деді Коротин С.В Медициналық колледжінің жастары ел болашағы үшін алаңдайтын үздік жастар екендігін кездесуде сұрақ қойып белсенді болуы арқылы көрсетті. Студенттер кездесу барысында тағы бір мәртте медициналық қызметкерлердің бүгінгі ортамыздағы орның атап өтіп таңдаған мамаңдықтарын мақтан етті .