23.02.23 Өскемен жоғары медициналык колледжінде 1 ЦӘК апталыгы аясында колледж мұғалімі Төлегенова Л.Қ. студенттердің қатысуымен "Жастар арасындаға тәуелділік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның басты мақсаты: жастар арасында кең тараған насыбай, электронды темекі, энергетикалық сусындарға тәуелділікке тоқталып, олардың ағзаға әсері мен тәуелділік пен күрестің жолдарын қарастыру. Дөңгелек үстелге Үлбі ПБ КТіБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Әбілгасенова Айжан Бақытжанқызы қатысып студенттердің сұрақтарына жауап беріп, қазіргі тандағы заңдық жауапкершіліктерге тоқталып өтті.Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша студенттер салауатты өмір салтын ұстауға және ен бірінші байлық денсаулық екендігіне тағы бір мәртте көз жеткізді