"Өскемен жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК көптеген жылдар бойы Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының емдеу-профилактикалық және фармацевтикалық ұйымдары үшін орта буынды білікті медициналық және фармацевтикалық мамандардың негізгі жеткізушісі болып табылады.

2023 жылғы 29 наурызда колледжде "Бос орындар жәрмеңкесі" өткізілді, оған колледждің әлеуметтік серіктестері болып табылатын медициналық, фармацевтикалық, стоматологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты. Колледж түлектері: "Мейіргер ісі", біліктілігі "Жалпы практика медбикесі"; "Емдеу ісі", біліктілігі "Фельдшер"; "Акушерлік іс", біліктілігі "Акушер"; "Зертханалық диагностика", біліктілігі "Медициналық зертханашы; "Фармация", біліктілігі"Фармацевт"; "Стоматология", біліктілігі  "Стоматолог" өз түйіндемелерімен өкілдердің әрқайсысымен жеке әңгімелесу өткізді және олармен әрі қарай диплом алдындағы практикадан өту және одан  кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы шарттар жасасты.