19 наурызда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдері Өскемен медициналық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Бітіруші курстың студенттеріне университет туралы, ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі және ТКТ-ның өткізілу тәртібі туралы мәлімет берді. Кәсіптік бағдар бойынша мамандар бейнероликтерді ұсынды және жаңа мамандықтардың ашылуы туралы ақпарат берді.

Іс-шара студенттер үшін өте қызықты өтті. Оларды қызықтырған сұрақтарға кәсіби кеңесшілер толық жауап берді.

Студенттерге университет жайында ақпараттық парақшалар (брошюралар) таратылды.

Кездесуге шамамен 70 колледж түлектері қатысты.