Өскемен медициналық колледжінде 2017 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық қарсаңында «Жасай бер, Тәуелсіздік!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концерттің ресми бөлімінде колледж ұжымы мен студенттеріне арналған құттықтау сөздері арналды. Колледждің, қала және облыстың қоғамдық шараларына белсенді қатысқаны үшін студенттер грамоталармен марапатталды.
Көркем жетекші Ольга Шрауттың жетекшілігімен колледж қонақтары «Ертіс концерті» аты камералық ансамблінің орнаған күйі ұжым мен студенттер үшін баға таппайтын сый болды.
Колледж оқытушыларының жетекшілігімен белсенді студенттердің күшімен қазақ елі тарихын бейнелеген театрлендірілген қойылым, мерекеге арналған ән мен би әзірленіп тамашаланды.
Соңында Дант 413 тобының студенті Месов Асеттің орындауында «Атамекен» әні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараның лайықты мәресі болып табылды.