2018 жылдың 18-19 қаңтар аралығында «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.

Курстардың мақсаты: оқытушылардың коммуникативтік құзырлықтары, оқыту техникаларын, құралдарын және әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

           Курстарды біліктілікті арттыруды өткенін растайтын сертификаттарды беру құқығы бар білім беру мекемесі - «АККО» кәсіби құзырлықтарды дамыту орталығы өткізді.

          «Колледждерде заманауи оқыту техникалары» тақырыбы бойынша курстар шеңберінде төмендегі блоктар қарастырылды:

- Технологиялары кейсі;

- Білім беруде коммуникациялар процесінің ерекшеліктері

- Оқытушының заманауи технологиялары саласында бірыңғай ұғымдық алаңды қалыптастыру.

Тыңдаушыларға оқытудың заманауи құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру бойынша практикум өткізілді.

 Курстарды бизнес-жаттықтырушы, МВА кеңесшісі, PhD курстарының тыңдаушысы Мамашева С.С. өткізді.