17.05.2017 жылы «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК базасында Дүниежүзілік Медбике күніне арналған «Шығыс Қазақстан облысының Үздік медбике – 2017 жыл» атағына «Мамандығымды мақтан тұтамын!» атты Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысы емдеу-алдын алу ұйымдарының орта буынды қызметкерлері арасында Аймақтық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.  Конкурс ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы және ШҚО Орта медициналық қызметкерлері ассоциациясымен бірігіп ұйымдастырыды.

Конкурсқа қала және облыстың әр түрлі медициналық ұйымдарының 14 орта буынды медицина қызметкерлері қатысты. 

Сайыстар екі кезеңмен өтті. 1 кезең конкурстың 2 кезеңіне жеңімпазды ұсынумен әр емдеу-алдын алу ұйымдардың ішінде жеке өтті. Конкурстың 2 кезеңі колледж қабырғасында төрт тапсырманы орындаумен өтті. 

Әр тапсырманы орындау нәтижесі бойынша әр номинацияда үздік мамандар анықталып ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңіпаздарға ие болғандар:

- «Үздік презентация» номинациясында  - Мергазина Г.А., «Шығыс Қаақстан облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ КМК мейірбикесі;

- «Жүрек-өкпе реанимациясы» номинациясында - Ерланов А.Е.,  Семей қ. «Жедел медициналық жәрдем станциясы» КМҚК фельдшері; 

- «Транспорттық иммобилизация» номинациясында - Черепанова Ю.М., ШҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасыныі «Өскемен қаласының №1 ауруханасы» ШЖҚ КМК мейірбикесі;

- «Медициналық биатлон» номинациясында - Баканова М.Н.,»Шығыс Қазақстан облыстық аурухана» ШЖҚ КМК мейірбикесі;  

Конкурстың қорытындылары бойынша жалпы есепте жеңімпаздар атанды:

1 орын – Потапова И.А., «Вита – 1»ЖШС мейірбикесі

2 орын – Омарова Г.А., Өскемен қаласы «Сол жағалау клиникасы» ЖШС мейірбикесі;

3 орын – Сериянова А.М., «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК мейірбикесі.

Конкурстың жеңімпаздары ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар  ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталары мен сыйлықтармен марапатталды.