2017 жылдың 29 қараша күні Өскемен медициналық колледжінде педагог-психолог Нұрмұхамбетова Н.Н., экология пәндерінің оқытушылары Жұмангазина А.Б., Ахметханова М.Б. ұйымдастыруымен ЕІ-206,207 топ студенттеріне арналған «Жасөспірім және зиянды әдеттер» тақырыбында ток-шоу өткізілді.
Аталмыш шараның мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Аталмыш шара барысында студенттерге зиянды әрекеттер жайлы толықтай түсінік беру үшін «Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансері» КМҚК орталығының дәрігері-наркологы - Жұмаханова С.С., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Биология және биотехнология» зертханасының ғылыми қызметкері - Оразов А.Е., Өскемен медициналық колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – Айтқалиев Т.С. арнайы эксперт қонақ ретінде сөз сөйледі.
Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, өзара пікір алмасты. Ток шоу форматында өткендіктен студенттерге оқытушылар қауымы зиянды әдеттер: шылым, ішімдік, есірткі түрлеріне байланысты арнайы тоқталып, ақпарат беріп өтті. Іс-шара соңында студенттер арнайы осы тақырып аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалады.