Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілікті" қалыптастыру және адалдық пен әділдіктің мызғымас қағидаттары бар мінез-құлық мәдениеті жоғары студенттерді тәрбиелеу мақсатында 2021 жылғы 23 ақпанда онлайн режимде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандарымен студенттердің кездесуі өтті

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру" ҚР Заңын түсіндіруді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкері Сахариева Мергүл жүргізді.

Кездесу барысында жаңа нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің ауқымын кеңейту туралы егжей-тегжейлі айтып берді, Қазақстанның халықаралық рейтингтік деңгейдегі ұстанымын белгіледі, кездесуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бейнефильм көрсетумен аяқтады.​ 1424 нөміріне қоңырау шалып, бірыңғай тегін орталық жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат алу үшін сұрақтар бойынша кеңес алуға немесе бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады.