Бүгін, 2025 жылғы 16 қазан күні, «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» ШҚО филиалымен бірлесіп, колледждің «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша оқытушылар-еріктілермен және студент-еріктілерінің қатысуымен ЖШС «Жандәурен» қарттар үйінде қайырымдылық акциясы өткізілді. Іс-шараның тақырыбы: «Жүрек жылуы – қарттарымызға».Іс-шара студенттер арасында гуманистік құндылықтарды қалыптастыруға, еріктілік қызметті дамытуға, қарт адамдарға мейірімді қарым-қатынасты тәрбиелеуге бағытталған жұмыс аясында өткізіліп отыр.