01.12.2025 жылы «Өскемен жоғары медициналық колледжінде»  Жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл апталықтың негізгі мақсаты – білім беру саласына жаңа қадам басқан жас педагогтарды қолдау, олардың кәсіби шеберлігін дамытуға жағдай жасау және шығармашылық әлеуетін таныту.
Шара барысында колледж директоры, директордың орынбасарлары мен ардагер  ұстаздарымыз  жас мамандарға жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Апталық аясында  топтан тыс  сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстел, олимпиадалар өткізіледі.
Жас мамандардың кәсіби дамуына бағытталған бұл апталық олардың өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқыту процесіне жаңа көзқарас қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.
Жас мамандар апталығы – жаңа идеялар мен жаңа жетістіктердің бастамасы болсын!