Бүкілдүниежүзілік ЖИТС алдын алу күні қарсаңында Өскемен жоғары медицина колледжінің ұстаздары Сабырбаева А.К., Бажигалиева Д. Б. Ұйымдастыруымен бірінші курс студенттері арасында “Біз ЖИТС -қарсымыз” атты акция өткізілді.
Мақсаты:
•Салауатты өмір салтын насихаттау;
•ЖИТС мнфекциясы, оның берілуі мен профилактикалық шаралары туралы ақпараттандыруды кеңейту;
•Мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу.
Аталған шара ШҚО денсаулық сақтау басқармасының “Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы” ШЖҚ КММ эпидемиологы Амирова А.А. қатысуымен өтті. Студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы профилактикалық шаралары жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шағын фильм көрсетілді.
Акция барысында ақпараттар белсенділікпен талқыланды. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.
Осындай профилактикалық іс -шараларды өткізуде, колледж студенттерінің хабардарлығын арттыпу мақсатында ведомствоаралық өзара іс -қимыл және ынтымақтастық тәжірибесін жалғастыру ұсынылды.