1 мамыр күні Республика алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Достық толқынында» атты студенттік фестиваль өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ.
Фестивальдің басты сахнасында Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттері орындаған өзбек биі ерекше әсер қалдырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фестиваль қорытындысы бойынша колледж сертификат және алғыс хатпен марапатталды. Марапаттарды ШҚО әкімінің орынбасары табыстады.
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!