Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Осы мақсатта жоғары сынып оқушыларына дұрыс жол таңдауға бағыт беру мақсатында “Өскемен жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ КМК ұйымдастаруымен “QUIZ TIME” танымдық-интелектуалдық сайысы өткізілді.

Сайыстың негізгі мақсаты-медицина мамандығына деген қызығушылықты ояту, оқушыларға колледжді таныстыру. Сайысқа Өскемен қаласы әкімдігі “№ 15 орта мектебі” мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі»  оқушылары қатысты.

Сайыс соңында оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды,бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек екендігі туралы жол нұсқадық.