.jpeg)
Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Осы мақсатта жоғары сынып оқушыларына дұрыс жол таңдауға бағыт беру мақсатында “Өскемен жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ КМК ұйымдастаруымен “QUIZ TIME” танымдық-интелектуалдық сайысы өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты-медицина мамандығына деген қызығушылықты ояту, оқушыларға колледжді таныстыру. Сайысқа Өскемен қаласы әкімдігі “№ 15 орта мектебі” мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» оқушылары қатысты.
Сайыс соңында оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарауды,бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек екендігі туралы жол нұсқадық.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)