1 маусым - жаздың бірінші күні ғана емес, сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күні. Өскемен жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі, еріктілер қатары, бұл күні «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының»  балаларын құттықтау мақсатында бей-жай қалмай, игі іс жасамаққа шешті. Аталған күн барысында кішкентай балақайлар мен   жасөспірімдер үшін арнайы ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді. «Күш-жігерді біріктіре отырып, шынымен мұқтаж адамдарға көмектесе аламыз және қоғамымыздың болашағына үлес қоса аламыз», әсіресе осындай мағыналы күнде әр бала қамқорлық пен қолдауды сезіну керектігін колледж директоры Ахмадиев Адлет Амангелдіұлы өз сөзінде жеткізді.

Балалар-біздің қоғамның болашағы. Олардың бүгінгі бақыты мен әл-ауқаты ертең әлемнің қандай болатынын анықтайды. Дегенмен, барлық балалардың дамуы мен бақыты үшін бірдей мүмкіндіктері жоқ. Олардың кейбіреулері кедейлік жағдайында өмір сүреді, ата-анасының қамқорлығынан айырылады немесе медициналық көмекке мұқтаж. Еріктілер мұндай балаларға қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларға қамқорлық пен көңіл бөлу арқылы көмектеседі.

Бейнені көру