2024 жылдың 12 сәуір күні Өскемен жоғары медициналық колледжіңде «Дипломмен ауылға - 2024» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тарбағатай ауданын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кездесу барысында аудан әкімі Дархан Шомпайұлы оқу орыны түлектеріне ауданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері таныстырылып, аудандағы білім, құқық қорғау, жастар саясаты, медицина, басқа мемлекеттік қызметтер бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ аудан нарығында бәсекелестікке төзімді, жүзеге асыруға мүмкін болатын кәсіпкерлік жобалар мен жастардың кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған төмен пайызды несиелер, мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды.