Өскемен жоғары медициналық колледжінің ЛД 113-2023 тобының волонтерлері Қазақстан Республикасы "Ұлттық Қызыл Жарты Ай" Қоғамымен бірлесіп «Біз туберкулезге қарсымыз» атты акция өткізді. Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын туберкулезге дер кезінде скринингтік тексеруден өтуге шақыру, туберкулездің белгілері, алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Негізгі міндет – халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету, денсаулыққа ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу; өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дамыту, міндетті профилактикалық тексерулердің қажеттілігін түсіну.