Өскемен жоғары медициналық колледжі «Киелі мекен» акциясы аясында экологиялық шараларды жалғастыруда. 18.04.2024 жылы Сағадат Нұрмағанбетов ескерткіші аумағында колледж еріктілері қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөнінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын.
Осы акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деп аталатын сенбілік аптасы. Ол тарихи-мәдени ескерткіштер мен қала аумағындағы атаулы жерлердің аумағын абаттандыруға арналған.
Қаламыздың тұрғындары мен еріктілерін акцияға белсене қатысып, қаланың көркейуіне атсалысуға шақырамыз!
#СүйіктіқаламӨскемен
#ЛюбимыйгородУстьКаменогорск
#ТазаҚазақстан#ТазаҚазастан