Мамандық таңдау-бұл адамның жас кезіндегі басты өмірлік таңдауларының бірі, өйткені мамандық таңдағанда ол өмірлік салтын, жолын да таңдайды. Әр жоғары сынып оқушысы өзінің болашақ мамандығын кең ауқымды мамандықтардан таңдауы керек.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің оқушылары арасында ең өзекті және танымал мамандықтардың бірі медициналық мамандықтар болып табылады. «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК ағымдағы жылдың 16-17 сәуір аралығында Өскемен қаласының 8-11 сынып оқушылары мен NEET жастарына арналған «My PRO» облыстық кәсіптер фестиваліне қатысты.