2024 жыл  05 наурызда  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға қызметкері Бекбаева Г.А., бірге  ZOOM конференция алаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын хабарлау бойынша ынталандыру шаралары туралы ақпарат айтылып, еліміздің түрлі салаларында анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың мысалдары келтірілді.

Негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оның алдын алу, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жою жолдары, оқушылар мен мұғалімдер тарапынан келеңсіз әрекеттерге жол бермеу, әділетті орта қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер жарияланды.