Құрметті студенттер!
2024-2025 оқу жылында тегін тамақтандыру үшін 2024 жылдың қықүйек айынан бастап "Электрондық қызмет көрсету орталығы" жүйесі арқылы өтініш беру қажет. Осы құжаттарды сканермен (немесе фотосуретпен) енгізу қажет:
1) туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін;
2) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
3) мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
4) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
5) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Фотосуреттер жақсы сапада, оқылатын, көрінетін болуы керек.
Сонымен қатар, сізде электрондық сандық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек, ол екі файл сияқты көрінеді:
1 кілт-AUTH_RSA....... - ашу, кіру үшін қолданылады
2 кілт-RSA.......- құжатқа қол қою үшін пайдаланылады
Сіз NCALayer бағдарламасын ҚР Үкіметінің электрондық порталынан жүктеп, оны компьютерге орнатуыңыз қажет.
Қоныстандыруға құжаттар беру алгоритмі:
1. e-vko.gov.kz сайтына кіресіз
2. "Білім беру" сілтемесін басасыз
3. 00403011 "ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАҒЫ АЗАМАТТАРЫНА, СОНДАЙ-АҚ, ҚОРҒАНШЫЛЫҚ (ҚАМҚОРШЫЛЫҚТАҒЫ) ПЕН ПАТРОНАТТАҒЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰСЫНУ" қызметіне сілтеме бойынша өтеміз
4. "ОНЛАЙН қызметке тапсырыс беру" сілтемесін басыңыз
5. "ЭЦҚ бойынша кіруді" таңдайсыз
6. Сертификатты таңдайсыз, парольді енгізесіз (ХҚКО-да ЭЦҚ-ны тіркеген кезде оны ұмытпаңыз), ЭЦҚ-ның 1 кілтіне (AUTH_RSA) қол қоямыз, "кіру" пернесін басасыз
7. Ұсынылған кестелердің барлық ұяшықтарын толтырасыз АЛҒА түймесін басамыз
8. Екінші бетті толтыру кезінде:
Елді мекен-Өскемен
Оқу орнының атауы-Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Директордың аты-жөні Курманов Ф. С. АЛҒА түймесін басасыз
9.Сұралған мәліметтерді толтырамыз АЛҒА түймесін басасыз
10. "Файлды таңдау" басып, құжаттардың электрондық нұсқаларын бекітеміз
Көп балалы отбасылар үшін табыс туралы мәліметтерді ұсыну міндетті емес.
11. Бағандардың толтырылуын тексеріңіз
12. Сұранымға қол қоюды басамыз, ЭЦҚ - RSA 2 кілтін қолданамыз
13. Өтінімді толтыру дұрыс болған жағдайда " Өтінім қабылданды" деп шығады