Құрметті студенттер!
2024-2025 оқу жылында колледж жатақханасында тұру үшін 2024 жылдың маусым айында "Электрондық қызмет көрсету орталығы" жүйесі арқылы өтініш беру қажет. Осы құжаттарды сканермен (немесе фотосуретпен) енгізу қажет:
1) баланың атына жылжымайтын мүліктің жоқ екендігін растайтын анықтама;
2) отбасының құрамы туралы анықтама;
3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
4)отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама;
5) мүгедектігін растау туралы анықтама;
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама.
Фотосуреттер жақсы сапада, оқылатын, көрінетін болуы керек.
Сонымен қатар, сізде электрондық сандық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек, ол екі файл сияқты көрінеді:
1 кілт-AUTH_RSA....... - ашу, кіру үшін қолданылады
2 кілт-RSA.......- құжатқа қол қою үшін пайдаланылады
Сіз NCALayer бағдарламасын ҚР Үкіметінің электрондық порталынан жүктеп, оны компьютерге орнатуыңыз қажет.
Қоныстандыруға құжаттар беру алгоритмі:
1. e-vko.gov.kz сайтына кіресіз
2. "Білім беру" сілтемесін басасыз
3.00803002 "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" қызметіне сілтеме бойынша өтеміз
4. "ОНЛАЙН қызметке тапсырыс беру" сілтемесін басыңыз
5. "ЭЦҚ бойынша кіруді" таңдайсыз
6. Сертификатты таңдайсыз, парольді енгізесіз (ХҚКО-да ЭЦҚ-ны тіркеген кезде оны ұмытпаңыз), ЭЦҚ-ның 1 кілтіне (AUTH_RSA) қол қоямыз, "кіру" пернесін басасыз
7. Ұсынылған кестелердің барлық ұяшықтарын толтырасыз АЛҒА түймесін басамыз
8. Екінші бетті толтыру кезінде:
Елді мекен-Өскемен
Оқу орнының атауы-Өскемен жоғары медициналық колледжі колледжі
Директордың аты-жөні Ахмадиев А. А. АЛҒА түймесін басасыз
9. Курс, топ, мамандық толтырамыз. Егер Сіз аталған санаттарға жатсаңыз,
АЛҒА түймесін басасыз
10. "Файлды таңдау" басып, құжаттардың электрондық нұсқаларын бекітеміз
11. Бағандардың толтырылуын тексеріңіз
12. Сұранымға қол қоюды басамыз, ЭЦҚ - RSA 2 кілтін қолданамыз
13. Өтінімді толтыру дұрыс болған жағдайда " Өтінім қабылданды" деп шығады