2017 жылдың қазан айында «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК «Емдеу ісі» мамандығының студенттері, № 2 бөлімше меңгерушісі Скакова Фарида Мубараковнаның жетекшілігімен мұқтаждығы ерекше балаларға арналған «Ақ Ниет» мектеп-интернататында «Жүректен жүрекке» акциясын ұйымдастырып өткізді. Студенттер концерттік бағдарламамен мектеп балалар арасында әр түрлі қызықты сайыстар өткізді. Шараның соңында балаларға сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратылды. Аталған акция колледж мектеп-интернат балаларына да студенттеріне де, керемет қуаныш болып табылды.