Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 3 мен 12 ақпан аралығында "Өзін-өзітану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндікті өткізуді ұйымдастырғанына байланысты, ШЖҚ КМК "Өскемен жоғары медицина колледжі" "Өзін-өзі тану" апталығын атап өтті.
Осыған орай, колледжде 2020 жылдың 12 ақпаны күні "Сүйіспеншілік - өмір негізі" атты ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.
Міндеттер:
- адам өміріндегі жалпыадамзаттық "сүйіспеншілік" құндылығының мәнін ашу;
- мейірімділік, рухтың күші сияқты адамгершілік қасиеттерін дамыту;
- риясыз қызмет етуге ұмтылысты тәрбиелеу.
Ашық сабаққа қатысқан топ: МІ 201
Оқытушы: Адамова З.Т