№1 Арнайы пәндер ЦӘК пән апталығының шеңберінде «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК колледж студенттеріне арналған Өскемен қаласының бас акушер гинекологы, №2 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі  орынбасары, жоғарғы санатты дәрігері Л.Т.Касымбекованың, «Облыстық аурухана» ШЖҚ КМК акушер гинеколог дәрігері М.М.Степкинаның және медициналық өкілі Д.Г.Хисамутдинованың қатысуымен «Жанұяны жоспарлау және контрацепция» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстелде баяндамалар тыңдалды, тақырып бойынша сұрақтар талқыланды. Студенттерге ситуациялық есептер беріліп, оларды талқылап, дұрыс шешу жолдарын іздестірді. Ана мен баланың денсаулығын қорғау – денсаулық сақтау саласы қызметінің негізгі мақсаттарының бірі екендігін атап кету қажет. Дөңгелек үстел отырысында 1-4 курс студенттері және колледж оқытушылары қатысты.