Қазақстан Республикасында өтетін Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің қарсаңында, медициналық және ғылыми зерттеулер саласында келешек жастардың көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК 2017 жылдың 30 мамырында коледждер студенттеріне арналған «Ғылым және медицина: заманауи жастардың көзқарасы» атты Аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар:
Бегимжанова Д.С.
Иматова Р.А.
Құмарбекова А.Қ.
Оразаева Г.А.
Конференцияны өткізу мақсаты:
- Студенттердің интеллектуалды шығармашылығын дамыту;
- Оларды зерттеу әрекеттеріне баулу
- - Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Конференцияның негізгі мақсаттары:
- Студенттердің шығармашылық потенциалдары мен қабілеттерін айқындау
- Студенттердің ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын дамыту
- Жастарды ғылыми ізденістерге мотивациялау
- Ойлау, еске сақтау, зейіндерін, шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту
- Тапсырмаларды орындауға шығармашылық көзқарастарын қалыптастыру.
- Ізденіс-танымдық іс әрекеттерге ынталандыру.
Жалпы қатысушылар саны – 25. Жобаларды қорғау екі секция бойынша өтті. Әр секцияда жеңімпаздар айқындалды. Оларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар берілді. Бірінші секция жұмысының қорытындылары бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
І орын жеңмпазы «Өскемен медициналық колледж» КМҚК студенті Сағатбекова Аружан атанды;
ІІ орын жеңмпазы «Семей медициналық колледжі» мекемесінің студенті Қабылбаева Ұлжан атанды;
ІІІ орын жеңмпазы «Өскемен медициналық колледж» КМҚК студенті Нұрсолтанова Назерке атанды.
Екінші секция жұмысының қорытындылары бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
І орын жеңмпазы «Өскемен медициналық колледж» КМҚК студенттері Жакупбеков Али, Мамиленов Нартай атанды;
ІІ орын жеңмпазы «Өскемен медициналық колледж» КМҚК студенті Боровикова Анна атанды;
ІІІ орын жеңмпазы «Өскемен медициналық колледж» КМҚК студенті Қабыл Нұрсолтан атанды.
Конференцияның барлық қатысушылары белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Жобалардың жетекшілері студенттерді белсенді даярлағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.