2024 жылдың 13 қарашасында студенттердің Ульбин полиция бөлімінің полиция майоры Жақсыбаева Динара Мырзабекқызымен және Ульбин полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Бекболатов Азамат Бекболатұлының қатысуымен “Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық”, “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жасөспірімдер қылмысының және интернет алаяқтығының алдын алу” тақырыбында кездесуі өтті. Инспектор жасөспірімдер арасында жиі кездесетін негізгі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы айтып, қоғам алдында тұрған маңызды және әлеуметтік маңызы бар міндеттердің бірі — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту жолдарын іздеу және оның алдын алу екенін атап өтті.