«Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ шақыруы бойынша 2018 жылдың 13 сәуірінде Риддер қаласының №10 ота мектеп базасында бітіруші сыныптардың оқушыларымен кәсіби бағдарлау бойынша кездесу өтті. Кездесуде Риддер қаласы мектептерінің 200 жуық келешек түлектері қатысты. Колледж маманы колледжге қабылдау ережелері туралы, осы оқу орнындағы мамандықтар туралы баяндады. Әңгіме барысында оқушыларға медицина кадрларын тәрбиелеу бойынша колледж қызметінің негізгі бағыттары туралы, өндірістік және диплом алдындағы пратикалардың негізгі базалары туралы, кәсіби жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылды. Колледж, оның дәрежесі және оқу шарттары туралы бейне ролик көрсетілді. Кездесудің соңында мектеп оқушыларына Өскемен медициналық колледжі туралы буклеттер таратылды.