09.10.2024 жылы С.Аманжолов атындағы университетінің «Психология және коррекциялық» педагогика кафедрасының оқытушылары Кукина Ю.Е., Токтарбекова К.Т., Байтемирова К.Б және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Байжуманова Л.Т Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттеріне кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында жалпы ШҚУ-артықшылығы, жетістіктері, қабылдау комиссиясы жайлы таныстырды. Юлия Евгеньевна, Құралай Тоқтарбекқызы, Қарақат Берикхановна кафедрамыздың мамандықтары жайлы (арнайы педагогика, психология, клиникалық психология) соның ішінде жаңа білім беру бағдарламаларымен (эргопедагогика, ерте қолдау педагогикасы) толық таныстырып өтті. Бұл мамандықтардың артықшылықтары, қандай мекемелерде қызмет ете алатындықтары айтылды. Жоғарғы медициналық колледждің қандай мамандықтары емтихансыз, қай мамандыққа құжаттар өткізуге болатындығы, қандай құжаттардың қажет екендігі толығымен түсінідірілді. Түлектер тарапынан болған сұрақтарға толық жауап берілді. Осы кездесуге үлкен үлес қосқан жоғарғы медициналық колледжінің директоры Ахмадиев Адлет Амангельдиновичке және оқу ісінің меңгерушісі, кәсіби бағдар берушісі Гульмира Мәдениетовнаға алғыстарын білдірді.