Жоғары сынып оқушыларының алдында үнемі мамандық таңдау мәселесі тұрады. Мамандық таңдау - жас шақта адам жасайтын ең басты өмірлік таңдаудың бірі, ал мамандықты дұрыс таңдау өз әлеуетін жүзеге асыруға, көңіл қалдырмауға, өзін және өз отбасын ертеңгі күнге сенімсіздіктен қорғауға мүмкіндік береді.

2019 жылдың 06 наурызында жол көрсеткіш «Радуга здоровья» бағдарламасы бойынша «Ақ ниет» мектеп-интернатының жоғары сынып оушыларына арналған кәсіби бағдарлау шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Колледж маманы колледжге қабылдау ережелері туралы, осы оқу орнындағы мамандықтар туралы баяндады. Әңгіме барысында оқушыларға медицина кадрларын тәрбиелеу бойынша колледж қызметінің негізгі бағыттары туралы, өндірістік және диплом алдындағы пратикалардың негізгі базалары туралы, кәсіби жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылды. Колледж, оның дәрежесі және оқу шарттары туралы бейне ролик көрсетілді. Кездесудің соңында мектеп оқушыларына Өскемен медициналық колледжі туралы буклеттер таратылды.