2018 жылдың 03 ақпанында «Өскемен медициналық колледжі»КМҚК  алғашқы оқуға түскен студенттердің арасында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Ата-аналар жиналысын өткізу мақсаттары:

-         1 курс студенттерінің бейімделулері;

-         1 семестр бойынша сабаққа қатысу барысы және үлгерім қорытындылары;

-         Студенттердің психологиялық талдамалары;

Ата-аналардың алдында колледж директоры Ахмадиев А.А., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бегимжанова Д.С., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джандаралова Г.К.,  және колледждің педагог- психологтары Грохотова И.В., Нұрмұхамбетова Н.Н.  жеке шығып сөйледі сондай-ақ студенттердің оқуға ынталарын арттыру, көңіл -күй (эмоция) кернеулерінен арылу және олардан арылудың жеке әдістері, орын алу себептері, бейімделу кезеңіндегі қиындықтар туралы кеңінен тоқтап әңгімеледі. Әрі қарай оқу аудиторияларында әрбір топта ата-аналар жиналысы кураторлармен жалғасты.