1 маусым – балаларды қорғау күні, мерекелеріңізбен! Бүгін «Өскемен медициналық колледжі» ШЖҚ КМК белсенді студенттері «Металлург» саяжайында балаларға арналған акция ұйымдастырып өткізді. Ең кішкентай бүлдіршіндерге түрлі-түсті шарларды таратып, көңіл-күйлерін көтеріп, қуаныш сыйлады. Келешек медицина қызметкерлеріміздің ұраны «Мейірімді сыйға тарт!»  Әр шаңырақтағы бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ тілейміз!