«Бiргемiз» - «Мы - вместе» атты облыстық волонтерлер слеті

Білім басқармасы "Өскемен жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК-мен бірлесіп, 2019 жылдың 5 желтоқсанында "Біргеміз" - "Мы - вместе" атты облыс колледждері және жоғары оқу орындары волонтерлік қозғалысы арасында волонтерлер слеті өтті. Слетке облыстың 53 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 320 студент қатысты.

Слетке қатысушыларды ШҚО ішкі саясат басқармасы Жастар бөлімінің басшысы Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлы және облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Есімбекова Арайлым Келімбекқызы құттықтады.

Өскемен жоғары медициналық колледжінің волонтерлері өз шығармаларындағы еріктілердің әнұранын орындады.

Слеттің практикалық бөлімінде әр түрлі бағыттар бойынша 5 алаң жұмыс істеді: «Как не навредить, являясь волонтером» атты тренинг; "Қызыл Крест және Қазақстандық Қызыл Жарты Ай халықаралық қоғамымен волонтерлік жұмыс" дәріс – тренингі»; «Алғашқы шұғыл көмек көрсету үшін базалық реанимациялық іс – шараларды оқыту" шебер-класс»; "Эмпатия – волонтерлік қызметтің коммуникация тәсілі ретінде" шебер – класс.

Фойеде колледждердің волонтерлік қызметі туралы "Біргеміз" - "Мы - вместе" альбомдарының көрмесі ұйымдастырылды. 

Волонтер-студенттер волонтерлік қызметтің практикалық дағдыларын үйренген тренингтерге белсенді қатысты. Барлық тренингтер қызықты, мазмұнды өтті, волонтерлердің жүрегін жағып, оларға махаббат пен мейірімділік сыйлады.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде ШҚО-дағы волонтерлер жылына арналған Өскемен жоғары медициналық колледжінің волонтерлерінен флэш-моб орындалды.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Оспанғалиев Қажмұқан Әлімханұлы осы слетке қатысып, ұйымдастырғаны үшін волонтерлерге алғыс білдіріп, дипломдар мен алғыс хаттар табыс етті. 

Бұл іс - шара 2020 жылдың желтоқсан айында ШҚО оқу орындарының волонтерлік қозғалыстары арасында "Біргеміз" - "Мы-вместе" волонтерлердің II облыстық слетінде жалғасын табады. Волонтерлер жылының қорытындысы бойынша облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының үздік волонтерлік қозғалыстары марапатталады.