Мамырдың 17 күні «Өскемен медициналық  колледжінде»  «Колледж кітапханаларының заманауи даму бағыттары: тәжірибе, өзекті мәселелер»  тақырыбынды семинар – практикум өткізілді.

Семинар - практикум мақсаты: колледж кітапханаларының жұмысын заманауи бағытта дамыту.

Семинар – практикумға ШҚО колледж кітапханашылары қатысты. Кауменова Н.О«ШҚО КББ» орталық әдістемелік бөлім басшысы және колледж директоры Ахмадиев А.А  семинарды ашып, кітапханашыларға сәттілік тіледі.  Семинар барысында Бурунбетова М.А «Кітапхана – колледждің ақпарат орталығы», Нугумарова А.Н  «Кітапхана қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау ережелері» , Мылтықбаева Қ.К «Кітапхананың есептік – технологиялық құжаттарымен жұмыс жүргізу»,  Дюсупова К.С «Виртуалды кітап көрмесін құру» тақырыптары талқыланып, «Дала өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Семинар – практикум жоғары дәрежеде өтті. Қатысушыларға алғыс хат және сертификат тапсырылды.