Мейірімділік, қайырымдылық, рақымдылық, жауапкершілік келешек медицина қызметкері мамандығының негізі болып табылады. Өскемен медициналық колледжінде бірнеше жыл бойы «Забота» атты волонтерлік қызмет атқарылып келеді.

2018 жылдың 13 наурызында волонтер студенттер Өскмемен қаласындағы Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Егде жастағы адамдарға волонтерлер концерттік бағдарламаны ұйымдастырып, ол шараға қарт адамдар көтеріңкі көңіл күймен бірге қатысып әндерін қосылып айтып, билеп тамашалады. Барлық адамдарға көңіл бөлініп, төсек тартып жатқан қарт адамдардың палаталарына кіріп, әндерін бірге айтып, әңгімелесіп, барлық адамдардың қан қысымдарын, тамыр соғысын есептеп, диеталық тағам сұрақтары бойынша кеңес беріп, салмақ индекстерін өлшеді.

Волонтер студенттердің пікірлері бойынша жалғыз басты апалар және аталармен осындай қарым-қатынас ұйымдастырып өткізудің нәтижесінде олардың өмірге деген көзқарастарының жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал ететіндігін көрсетті. «Қарттар үйіне бағытталып ұйымдастырылғын әрбір волонтерлік жұмыстың артына – жан дүниені түршіктіретін ерекше адамдардың тағдыры бар» дейді волонтер студенттер.