Бүгін кәсіби мереке Ұстаздар күні, Қарттар күні қарсаңында оқу орнымызда дәстүр бойынша ардагер-ұстаздарды құттықтау іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында мерекелік концерт қойылып, оқу орны колледж кәсіподағымен бірлесіп, ардагер-ұстаздарға мерекелік дастарқан жайып, мерейтой иелеріне сый-сыяпат көрсетті.
Сонымен қатар колледж студенттері өздеріне бекітілген ардагерлерді мерекелерімен құттықтауды жалғастыруда...