Волонтёрлік - келешек медицина қызметкерінің оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі негізгі құрамы болып табылады. 2017 жылдың 25 желтоқсанында «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК волонтер-студенттері Кәмелет жасқа толмағандардың бейімделу орталығына, №8 орта мектепке және Ана мен бала орталығының №3 педиатриялық бөлімшесіне барып балалар үшін «Жаңа жылдық ертегісін» ұйымдастырып, сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар ұсынды.  Волонтерлік шаралардың нәтижесінде студенттердің адамдарға деген мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық білдіру қасиеттері дамиды. Мұндай шаралар медициналық қызметкерге де, қазіргі заманауи адамға да маңызды болып табылатын студенттердің белсенділігін, ынталарын, біліктілігін, топжарушы қабілеттерін көрсетеді.