2019 жылдың 22 қарашасында Өскемен жоғары медициналық колледжі студенттерінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне Арналған "Көз микрохирургиясы клиникасы" ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Зарина Айдархановнамен кездесуі өтті. Студенттерге Зарина Айдархановна Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы, ұлт денсаулығын қорғау саласындағы рөлі, әлеуметтік бастамалар туралы айтып берді. Кездесу достық, еркін жағдайда өтті. Зарина Айдархановна өзінің қызықты өмірі мен отбасы, мансабы туралы айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Зарина Айдархановнаның басты мақсаты - медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, үлкен табыстарға жеткізген таңдаған мамандығына адал болу.

Біздің студенттер қонағымызға қызықты кездесу және ШҚО денсаулық сақтау саласының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.