2017 жылдың 5 желтоқсанында Өскемен медициналық колледжінде «Answer» қоғамдық қоры колледж студенттерімен Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күресу күніне орай тренинг өткізді. Тренингтің тақырыбы: «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен дискриминацияны төмендету және АИТВ алдын алу». Тренинг барысында студенттер АИТВ-тың берілу жолдары, АИТВ-қа тестілеу тәсілдері туралы толық ақпарат алды.