Колледждің құқық бұзушылықтың алдын алу инспекторымен кездесуде балалардың қауіпсіздігі және жүзді қаруды алып жүру немесе қолдану жауапкершілігі туралы әңгіме өрбіді. Инспектор студенттерге осы салада заң бұзылған жағдайда туындауы мүмкін құқықтық зардаптар туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.