2018 жылдың 2 ақпанында «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер істері жөніндегі Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Баяндама барысында Департамент қызметкері «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» ҚР Заңының ережелерін түсіндіріп кез келген азаматтың сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар сұрақтары туралы кеңес алуға немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы 1424-қысқа номерге қоңырау шалуға болатындығын және бірыңғай тегін call-орталық қызмет атқарытындығы туралы ақпараттандырды.