2019 жылы 4 қазанда Өскемен жоғары медицина колледжінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мамандарымен кездесу өтті. 

Өз баяндамасында Департамент қызметкері "Шығыс-Адалдық алаңы" жобасының мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін жою, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылатын миссиясын түсіндірді.Кез келген азамат 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, бірыңғай тегін call-орталығының әрекет ететіні туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлай алатындығын хабардар етті.