13.04.2018 ж. ШЖҚ «Өскемен медициналық колледжі» КМК бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Биылғы жылы 300-ден астам студентті ересектік еңбек өміріне шығарып салу көзделген.

Алғашқы қадам жасау әрқашан да қиын, әсіресе жұмыс сұрағына келгенде. Түлектер әлеуетті жұмыс берушілердің арасынан ең қызықтыларын таңдай отырып, жас мамандарға тұрғылықты орын бөлу мен басқа да жеңілдіктер, жұмыс жайлы нақты сұрақтар қойды. Студенттер дайындаған түйіндемелерінде өздерінің барлық жағымды қасиеттері мен тәжірибелерін, тілектерін жазған. Қызығушылық танытқан ЕПМ өкілдері түлектермен бірден үшжақты келісім рәсімдеді. Түлектерге қорытынды мемлекеттік аттестацияны үздік тапсыруларын және қызықты жұмыс тілейік.