Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі келешек жас ұрпақтың қолында. Осындай жас ұрпақты  елі мен жеріне деген шексіз махаббаты бойларына сіңіріп, Отанын сүюге, мемлекеттің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтауға тәрбиелеу мақсатында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған "Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы" атты челлендж ұйымдастырылды.

https://youtu.be/ujNIH0_h4Wo